26.11.2019, 17:42
Просмотры: 332
Бәйтеректік тілшіге марапат келді

Бәйтеректік тілшіге марапат келді

 Жуырда Алматы қаласында Түркі тілдес журналистер қоры ұйымдастырып келе жатқан журналистерге арналған дәстүрлі «Еркін сөз» республикалық байқауының марапаттау салтанаты оздырылды.

 Салтанатты кеште марапатқа ие болған батысқазақстандық 3 журналист болса, соның бірі аудандық басылымның штаттан тыс тілшісі Жанерке Төлеген.

Қордың жұмысына қолдау білдірген белсенді қызметі үшін «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы – Бəйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің штаттан тыс тілшісі Жанерке Төлеген де алғысхатпен марапатталды.

Аудандық газетті досым деп санайтын Жанеркені лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Жуық арада марапат Жанеркеге табысталмақ.

 Ертай БИМҰХАНОВ,
Бәйтерек ауданы

Новости

Другие статьи