Жолдау жарқын болашаққа жетелейді

Күні , 50 рет оқылды

Осы аптада Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жолдаған болатын. Жеті минутқа жуық уақыттың ішінде  биылғы Жолдаудың басты  міндеттерін атап, нақты бағыт-бағдар көрсетті. 

Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Елбасы Жолдауының маңызы ерекше екенін атап өткім келеді. Елбасымыздың Жолдауы барлық әлеуметтік және экономикалық саланың алдында 10 негізгі мақсатты айқындап берді.

Президенттің Жолдауы арқылы ұсынылған ел дамуының негізгі бағыты — цифрландыру. Қазақстанға  әлемнің көшбасшы елдернің қатарынан табылуы үшін ел өмірінің барлық тармағына цифрлық технологияларды енгізу қажет деп ойлаймын. Бұл еліміздің өркендеу жолында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Ең алдымен, қазақстандық индустрияның жаңғыртылуы мен цифрландыруға, агроөнеркәсіп кешені мен көлік-логистика инфрақұрылымына ерекше назар аударылған.

Сонымен қатар, Президент Жолдауында дәстүрлі түрде әлеуметтік даму саласына баса маңыз берілген.

Құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды белсенді түрде енгізу, қайталанбас алдыңғы қатарлы білім беру жүйесін құру, медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, сапалы түрде жұмыспен қамту — мұның барлығы, сайып келгенде сөзсіз әрбір азаматтың өмір сапасын арттырады. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды саналады. Бұл тұрғындарға баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жолдауда қаржы секторын қайта жаңғырту керектігі айтылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Елбасы адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін барлық жағдай жасалуы керек екенін айта отырып, мемлекеттік тиімді басқарумен қатар, жемқорлықпен күрес заңының үстемдігін тілге тиек етті.

Қорыта айтсақ, Президент Н.Назарбаевтың  биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы алдағы уақытта да еліміздің дамуының маңызды ынталандырушысы болмақ.

Жолдаудың барлық саланы қамтыған ерекшелігі оның жүзеге асырылуы бойынша барша азаматтардың белсенді түрде атсалысуын талап етеді.

Елбасының  Жолдауы – бұл әрбір қазақстандықты белсенді түрде жұмыс атқаруға шақырады.

Бұл талаптар, ең алдымен, бізге – яғни,  Қазақстандық жастарға қатысты екені сөзсіз.

Жақсылық ХАЙРЕЛОВ,

жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы.

 

 


Социальная сфера

Культура

Спорт

Программы развития


ЗКО, г.Уральск, ул. Мухита, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
pri_ru@mail.ru

Главный редактор газеты: 51-31-91
Заместитель главного редактора: 54-50-22
Секретарь: 50-40-47
Корреспонденты: 24-02-78, 50-59-21
Отдел рекламы: 51-51-09
Яндекс.Метрика